Дөңгелек үстелде білім мен тәрбиенің үйлесімділігі талқыланады
7 сәуірде (сағ. 11:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті және «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдығы және Қазақстандағы философиялық білім берудің 65 жылдығына арналған, «Әл-Фараби – білім мен тәрбиенің үйлесімділігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісін өткізеді.
Дөңгелек үстел мәжілісі әл-Фараби мұрасындағы ғылым мен тәрбиенің үйлесімділігін және Қазақстандық философияның қалыптасуы мен дамуы барысын талқылауға арналған пікір-талас, жан-жақты, еркін ой негізінде жүргізіледі.
Дөңгелек үстел мәжілісіне Қазақстандық философ-ғалымдар мен шетелдік қонақтар қатысады.
Келемін деушілерге есік ашық.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану
факультеті, философия кафедрасы
Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы), 413 бөлме
Телефон: (8-727) 292-17-52 қосымша 21-30, 87078346621, 87014789744.