Философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада болып өтті. Халқының алды болатын білімділерді анықтаған сайыста кафедра студенттерімен қоса С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті және Қыздар Педагогикалық Университетінің жас дарындары қатысты.
Олимпиада қатысушылардың таныстыруынан бастау алып, еліміздің келешегіне жол ашатын жобалармен жалғасын тауып, сұрақ-жауап кезеңімен қорытындыланды.
Тартысты өткен сұрақ-жауап кезеңінен кейін, сайыс қорытындылары жарияланды. І орынға ҚазҰУ мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінен құрылған «Альма-Матер» командасы ие болды. ІІ орынды С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Бірлік» командасы мен ҚазҰУ мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттерінен құрылған «Бәйтерек» командасы иеленді , ІІІ орын Қыздар Педагогикалық Университетінің «Өркениет» командасы мен ҚазҰУ мәдениеттану мамандығының 2-курс студенттерінен құрылған «Мәдениет жаршысы» командасына берілді. Командаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Философия және саясаттану факультеті