Халықаралық қатынастар факультетінде қосымша білім беру мен консалтингтік қызметтер көрсету орталығы ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырады

2 сәуір, 2014

2014 жылдың 7-9 сәуірі (сағ. 11.00-13.00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде қосымша білім беру мен консалтингтік қызметтер көрсету орталығы «Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасын қолданудың тәжірибелік мәселелері» атты ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырады.


Кеңсе-кеңесшісі: еңбек қатынастары саласындағы бас маман, тәжірибелі Гилева Наталья Васильевна, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасы соттарының бас сарапшысы. Бизнестің халықаралық академиясы ұйымдастырған классикалық МВА (Master of Business Administration) бағдарламасының бөлігі болып табылатын «HR - менеджмент: адам капиталын басқарудың әдістері мен технологиялары» Pre-МВА бағдарламасының дәріскері.

Қатысу үшін 5 сәуірге дейін халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының лаборанттары Меруерт немесе Әсемге тіркелу қажет.

Байланыс тел.: 8 (727) 243-83-22