Бірінші курс студенттері арасында дебат өтті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде 1 курс студенттері арасында дебат өткізілді. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен «Союз Ради Прогресса» студенттік клубының ұйымдастыруымен өтті. «Сецессия мемлекеттің өзін анықтау нысаны» тақырыбында өткен сөзжарысқа қатысушылар көрнекі дәрежеде шешендік қабілеттіктерін және әлем аренасындағы соңғы өзгерістерден хабардар кең ауқымды білімдерін көрсетті.
Сөзжарыс қорытындысы бойынша студенттер сертификаттар мен номинацияларға ие болды. Олар: «Ең үздік спикер» Кенжина Венера, «Ең үздік сауал» - Мамбетова Айгерім.
Сецессия – бұл белгілі бір аумақтың нақты анықталған мемлекеттен сол аумақтың халқының немесе органдарының шешімімен бөлінуі; мемлекеттің құрамынан бір әкімшілік-аумақтық бірлігінің, ал федеративтік мемлекеттен оның субъектісінің халқының референдумда қабылдаған шешімімен шығуы.
Сөзжарыстың өзектілігі соңғы саяси әлем картасында, географиялық бөлігінде болып жатқан өзгерістерге негізделген.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы