ҚазҰУ-да І Халықаралық Фараби оқулары басталды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да І Халықаралық Фараби оқулары университеттің 80-жылдық мерейтойын тойлау аясында алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл форумда екі апта бойы жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар, сессиялар, дөңгелек үстелдер, авторлық семинарлар, байқаулар өтеді.
Фараби оқулары аясында әлем ғалымдарының әріптестігі мен заманауи диалогта жаңа платформа болатын «Әбу Насыр әл-Фараби: дәуір сұхбаттастығы» атты халықаралық форум ашылды. «Бүгінгі форум жалпы ғылым дамуына жаңа шабыт беріп және көптеген зерттеу бағыттарында заманауи тұрғыдан ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасының негізін ұғыну болып табылады. Ғылым мен білім берудегі бірігуді, рухани-адамгершілік және бүгінгі қоғамдағы интеллектуалды мәдениетті жақсартуды, аман-сау қоғам құрудағы Мәңгілік ел – ұлттық идеясы біріккен Қазақстан-2050 стратегиясындағы міндеттерді іске асыруды, өзекті мәселелерді басты назарда», - деді форумның ашылу салтанатында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.
Форумның ашылуына арнайы ақын және ҚР мемлекет қайраткері О. Сүлейменов, ҚР ҰҒА академигі М. Жұрынов, ҚР БжҒМ ғылым комитеті ғылыми-зерттеу институттарының директорлары – Ә. Дербісәлі және З. Шаукенова, танымал отандық және шетелдік ғалымдар – Ә. Нысанбаев, А. Фишлер (Франция), Н. Қирабаев (Ресей), Я. Айдынлы (Түркия), Т. Куцаров (Германия) және басқалар келіп қатысты.
Университет ректоры Ғ. Мұтанов ғылыми және мәдени қоғамға әл-Фараби ғылымындағы қайырымды қала туралы ілімі негізге алынып жасалған, «Аl-Farabi university smart city» инновациялық моделін ұсынды. Бұл жобаның мақсаты – жаңа технологиялардың бір-біріне оңтайлы әсер етуі негізінде және қоғам дамуына инновациялық ықпал ете отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды көрсету арқылы жаңа форматтағы университет жасау. Моделдің іске асуы университеттік маңызды міндеттің орындалуына мүмкіндік береді – азаматтық жаңа буын қалыптастыру, заманауи құнды жүйеде бағыт анықтау, өзіндік реттеуде және «адам-қоғам» өзін-өзі дамыту жүйесінде басты принциптерді бекітуге септігін тигізеді.
Францияның белгілі ғалымы Альберт Фишлер: «Биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80-жылдығын тойлап отыр. әл-Фараби мен үшін ұлы ойшыл, әлемдегі екінші ұстаз. Ол батыс пен шығыстағы байланысты орнатқан тұңғыш адам деп білемін. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар, философия және саясаттану факультеттерінде дәріс оқыдым. Сорбона мен ҚазҰУ арасында орнатылған байланыс бар», - деді.
Қонақтар мен іс-шараға қатысушылар Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітапхана болып табылатын әл-Фараби университеттік ғылыми кітапханасы ғимаратында құрылған әл-Фараби мұражайының экспозициясымен танысып, ұлы ойшылдың шығармалары топталған төрт томдықтың бірінші кітабының тұсаукесері тамашалады. Бұл басылым «әл-Фараби» орталығы мен Халықаралық Абай клубының дайындауымен әл-Фарабидің туғанына 1145 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, форумда ғылым, білім беру, қоғамдық және халықаралық қызметтегі еңбегі үшін отандық және шетелдік ғалымдарға «әл-Фараби Алтын төсбелгісі» және ғылымның әр салалары бойынша «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» дипломымен марапаттау дәстүрінің негізі қалыптасып, тапсырылды. Фараби оқулары аясында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» халықаралық студенттік форумы, «Фараби әлемі» студенттік конференциясы, студенттік бизнес-инкубаторлар инновациялық жобалар байқауы өтеді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі