ҚазҰУ-да «Қазақстанның даму моделі» атты семинар-тренинг өтті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығы «Қазақстанның даму моделі» атты семинар-тренингті ұйымдастырды. Бұл шара «Дана Жол» қолданбалы экономика орталығының қолдауымен өткізілді.
Семинар-тренингке ҚазҰУ 14 факультеттердің оқытушылары және академиялық мәселелер департаменттің қызметкерлері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 60 адам болатын. Көпшіліктің алдында «Қазақстанның даму моделі» жобасы аясында презентациясын ұсынған «Дана Жол» қолданбалы экономика орталығының экономист-сарапшысы Сания Аубакирова болатын.
Сарапшы С. Аубакирова семинар-тренинг барысында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономикалық даму мәселелерін қарастырып, отандық экономикадағы қазіргі кезде және алдағы уақытта болатын сценарийлер мен тәуекелдерді көрсетуге ұйғарды.
Семинар-тренинг интерактивті түрде өтіп, университет оқытушылар мен қызметкерлердің баса назарына ие болды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі