51-ші Халықаралық математикалық олимпиада
19 қазан, 2009
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
010000, Астана қ. pressa@edu.gov.kz
тел/факс 74-23-81 www.edu.gov.kz
__________________________________________________________________
БАСПАСӨЗ–РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылдың 1 қазан айынан «Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» атты онкүндік өтетінін хабарлайды. Аталмыш іс-шара 2010 жылдың сәуір айына дейін өткізіледі
Халықаралық математикалық олимпиада - 1959 жылдан бері математика пәні бойынша жоғары сынып оқушылары арасында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі чемпионат. Осы интеллектуалдық іс-шараны өткізу мәртебесіне ТМД елдері арасынан бірінші болып Қазақстан ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығындағы Қазақстан тұрақты, білім мен ғылымға баса назар аударылып отырған мемлекет ретінде таңдалды. Осы беделді олимпиадаға 110 мемлекет қатысады.
Халықаралық математикалық олимпиадаларға қатысқаннан бері қазақстандық оқушылар 62 медальді жеңіп алды. Олардың 8-і алтын, 17-і күміс, 37-і қола.
Олимпиада ұйымдастырушыларына үлкен жауапкершілік пен сенім артылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен осы маңызды математика мерекесі қарсаңында еліміздің математика ортасын шабыттандыратын, әсіресе оқушыларға өз білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік беретін онкүндік өткізіледі.
Онкүндіктің мақсаты - математиканы жария ету, оқушылардың шығармашылық және танымдық іс-әрекеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау, математика мұғалімдерінің біліктілігін, сыныптан тыс жұмыстарда белсенділігін арттыру.
Онкүндік білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушылары үшін өткізіледі.
Халықаралық математикалық олимпиаданың туы облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына онкүндіктің жабылу рәсімінде тапсырылады.
Онкүндік шеңберінде математика мұғалімдерінің ашық сабақтары, шебер-сыныптары, оқушылар үшін конференциялар, олимпиадалар, ойындар, сайыстар, турнирлер, викториналар, КТК, математикалық газет конкурстары және т.б. өткізіледі.
Аталмыш шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.
Қосымша ақпараттар алу үшін келесі мекен-жайға хабарласыңыздар:
Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 60
телефондар: 317-861, 317-996
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024