Акционерлік қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының арасындағы қатынастарды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері: корпоративтік және еңбек заңнамаларының арақатынасы» тақырыбындағы Екінші халықаралық дөңлек үстел

14 сәуір, 2014

«Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми зерттеу орталығымен бірге:

«Акционерлік қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының арасындағы қатынастарды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері: корпоративтік және еңбек заңнамаларының арақатынасы» тақырыбындағы Екінші халықаралық дөңлек үстел жұмысна қатысуға шақырады

Дөңгелек үстелге танымал құқықтанушылар және заңгер-практиктер- Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттердің корпоративтік және еңбек құқығы аясындағы мамандары, соның ішінде Климент Охридский атындағы София университетінің еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі құқық докторы, профессор Мингов Емил Асенович қатысады. Ұсынылып отырған тақырыптың үлкен тәжірибелік құндылығына байланысты, Біз лауазымды тұлғалардың өзара қатынастарын дұрыс қалыптастыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін компаниялардың өкілдерін шақырамыз.

Дөңгелек үстел азаматтық және кәсіпкерлік құқығы аясындағы жетекші маман, заң ғылымдарының докторы, профессор Амирханова Ирина Викторовнаны еске алуға арналған.

Өткізу орны: 050040, Алматы қаласы, аль-Фараби 71 пр., БОҒ-3, әл-Фараби атындағы заң факультеті, 316 аудитория.

Өткізу уақыты: 10:00 – 13:00 сағ, 25 сәуір 2014 жыл.

Баяндамалар тақырыптары мен өтінімдерді 23 сәуір 2014 ж. дейін ilukin@szp.kz электрондық мекен-жайға жіберуіңізді өтінеміз.

Қатысушылардың баяндамаларын дербес жарыққа шығару болжанады.

Жауаптылар: Лукин Игорь – тел.:+7 (707) 714 88 86; Ермекбаева Салтанат +7 (727) 327-64-53; З.ғ. к., доцент Абикенов А.А. - +7 (701) 722 93 38; з.ғ.к., доцент Ермухаметова С.Р.-+7 (701) 799 06 89.

Информационное письмо каз..doc