Студенттерге арналған халықаралық ғылыми конференцияда үздіктер айқындалды

15 сәуір, 2014

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арнап, Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 2014 жылдың 8-11 сәуір аралығында «әл-Фараби әлемі» атты студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.


Конференцияның мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу және өзіндік танымдағы қызметтерін ынталандыру, шығармашылық қабілетке жол беру, дарынды студенттер мен жас мамандарды іріктеу және оларға қолдау көрсету, инттелектуалды әлеуетін арттыруға әсер ету, ғылыми мәселелерді шешуге деген қызығушылықтарын ояту болатын. 8 сәуір 2014 ж. конференцияның ашылуына ЭжБЖМ-де пленарлық отырыста «Менеджмент» мамандығының 3 курс докторанты Ж.А Бимендеев «ШОБ банкроттық механизмін қалыптастыру ҚР президентінің Қазақстан – 2050 Стратегиясын жүзеге асыру аясында», «Қаржы» мамандығының 2 курс магистранты Э.М. Альмамаедова «Проблемы и пути повышения качества кредитного портфеля БВУ РК Вусловиях неопределенности», «Қаржы» мамандығының 2 курс магистранты Н.Ж. Ештайбеков «Қазақстандағы биржа нарығының ақпараттық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттары», «Экономика» мамандығының 3 курс студенті А.Б. Даркенбаев «Малый бизнес как фактор инновационного развития», «Есеп және Аудит» мамандығының 3 курс студенті А. Абдраманова « Қазақстан компанияларына ынталандырушы қызмет жүйесін ендіру» тақырыптары тыңдалды.

Конференция аясында секция бойынша «Жасыл экономика» дамуының тиімділігі мен перспективалары, «Ұлттық инновациялық жүйенің қаржылық нәтижелілігін жетілдірудегі мәселелер», «Ұлттық экономиканы басқару жүйесіндегі инновациялық трендтер: Қазақстан және жаһандық трансформациялар», «ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудитті дамытуға инновациялық амалдар» төңірегінде жұмыстар қаралды.

Конференцияның қорытындысы бойынша төрт секциямен орындар Сарсенова А.,Ештайбеков Н.,Абдраманова А. студенттеріне берілді. Конференцияға қатысқаны үшін жүлделі орындарға студенттер келесі номинация бойынша: баяндаманың инновациялығына қарай, мәселені зерттеудегі қолданбалық ерекшелігіне қарай, сұрақ тудырған мәселелердің толық әрі сауаттылығына, зерттеу деңгейінің жоғарылығына, тақырыптың мазмұны толықтай ашып көрсеткеніне қарай мақтау грамоталарын алды.