Ректор Ұлыбритания министрімен кездесті

26 қазан, 2009

<!--[endif]-->

Ұлыбританияның Жоғары білім мен интеллектуалдық жеке меншік Министрі Дэвид Лэмми әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келіп, университет ректоры, академик Бақытжан Жұмағұловпен кездесті.

Министрмен бірге Қазақстан мен Қырғызстандағы Ұлыбритания елшісі Пол Браммел мырзаның, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Лина Милошевичтің және британ университеттерінің басшылары мен жоғары және кәсіптік-техникалық білім саласындағы мекемелердің өкілдерінің, солардың ішінде Жоғары білім мен интеллектуалдық жеке меншік Министрлігінің Жалпы халықаралық бөлімінің өкілі Сара Купер, Лондон Университеттік колледжінің проректоры Майкл Уортон, Ұлыбританиядағы Кәсіптік-техникалық білім мекемесінің директоры Мэтью Андерсон, Ноттингем университетінің ректоры Дэвид Гринэвэй, ағылшын тілін оқытудың аккредитацияланған орталықтарының Ассоциациясы атқарушы директоры Мартин Доэл, Шеффилд университетінің проректоры, профессор Джеф Томлинсон, білім беруді сапамен қамтамасыз ету Агенттігінің халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Каролин Кэмпбел келді.

ҚазҰУ-нің ректоры, академик Б. Жұмағұлов ҚазҰУ-дің Болон үрдісіне кіру жолындағы жетістіктері туралы айтты және Д.Леммимен британдық білім беру мекемелерімен, оның ішінде Мидлсекс университеті, Лондон университеттік колледжі, Ньюкасл университеті, Кембридж университеті, Хериот Уот, Шотландия және т.б университиттерімен ынтымақтастығының бағыттары мен перспективалары жайлы әңгімелесті.

Алғы сөз бен іс-сапарының мақсаты жөніндегі презентацияны Ұлыбританияның білім мен интеллектуалды меншік Министрі Дэвид Лэмми ұсынды.

Келісім сөз барысында оқытушылық құраммен алмасу, студенттік жан-жақтылық, оқу бағдарламаларының сәйкестілігі, шетелдік бағдарламаларды меңгерудегі ағылшын тілінің білім деңгей мәселелері талқыға салынды.

Кездесу қатысушылары атап өткендей, жан-жақты қарастыруды қажет ететін нанотехнология, биотехнология, физика және басқа да ғылымның түрлі бағыттарындағы біріккен фундаменталды зерттеулер өзара ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады.

Өзара ынтымақтастық саласындағы тиімді тұстарының бірі - барлық қажетті алғышарттары жасаған екі дипломдылық бағдарламасын меңгеру, олардың негізгілерінің бірі европалық деңгейге сай, оның ішінде британдық жүйеге үш деңшейлі «бакалавриат-магистратура-PhD доктарантура» ғылыми кадрларын дайындау, университеттік оқу бағдарламаларының халықаралық ааккредитациялануы болып табылады.

«Мен Қазақстанға келіп, жоғары білім беру саласындағы әсерлі дамуды көргеніме қуаныштымын. Қазақстанда ағылшын тілін меңгеру мен халықаралық дәрежедегі кәсіби біліктілік жоғары сұранысқа ие екендігінен хабарым бар. Бұл тенденция біздің екі ел арасындағы байланысты нығайтуда өз жалғасын табады деп сенемін», - дейді Парламент мүшесі, Ұлыбританияның Жоғары білім мен интеллектуалдық жеке меншік Министрі Дэвид Лэмми.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі