Заң факультетінде бірнеше семинарлар өткізілді

22 сәуір, 2014

ҚазҰУ заң факультетінде «Жоғары білім саласындағы тәлімгерлік» және «MOOCs (massive open online courses) – альтернативті білім» атты оқу-әдістемелік семинарлар өткізілді. Іс-шаралар азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доцент қызметін атқарушы, «Болашак» бағдарламысының түлегі А.С. Дощановамен жүргізілді.

Семинарларға жоғары білім саласындағы тәлімгерлікке қатысты зерттеу нәтижелерін талқылау үшін профессорлар, оқытушылар және факультет магистранттары қатысты.

А.С.Ибраева, С.Ж.Сулейменова, С.Т.Тыныбеков профессорлар семинарда ұсынылған жоғары білімдегі тәлімгерліктің керектігін қолдады.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы