«Блог марафон» ҚазҰУ-дан бастау алды
Журналистика факультетінде «Қазіргі замандағы Қазақстан ақпарат кеңістігіне бизнестік көзқарас» атты шеберлік сағаты өтті. «Baikadam Holding» президенті, кәсіпкер Арман Байқадам, «Baikadam Media Group» компаниясының атқарушы директоры, танымал блогер IT маманы Нұрлан Жанай, «Жаңа-Ой» Орталығының директоры Данияр Жаныс қатысты.
Кездесу барысында busnessnews.kz, blogtime.kz, jolexpress.kz сайттарының құрылу тарихы мен даму жолы және ақпараттық технология заманының басты мәселелері мен шешуші жолдары талқыланды.
Жиындағы ең басты жаңалық республикалық «Блог марафон» жобасының таныстырылымы жасалынды. 2 млн. жүлде қоры бар блогерлердің марафоны мамыр айынан басталып, желтоқсан айына дейін жалғаспақ. www.blogtime.kz сайтына тіркеліп, үздік жазбалар жазу арқылы жүлделерге ие болу мүмкіндігі жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Болашақ журналистер үшін бұл кездесудің мәні мен маңызы зор болды.