- Басты бет
- Жаңалықтар
- Еуразиялық Экономикалық Одақ жағдайында азаматтардың құқықтары, бостандықтары және мүдделері аясында әлеуметтік және еңбек заңнамасының үйлесімі: теория, тәжірибесі және мүмкіндігі
Еуразиялық Экономикалық Одақ жағдайында азаматтардың құқықтары, бостандықтары және мүдделері аясында әлеуметтік және еңбек заңнамасының үйлесімі: теория, тәжірибесі және мүмкіндігі
Құрметті әріптестер!
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің ««Парасат Кәсіптік одақ» Қоғамдық ұйымы Ресей Ферерациясы президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Солтүстік-Кавказ институтымен бірлесе отырып, «Еуразиялық Экономикалық Одақ жағдайында азаматтардың құқықтары, бостандықтары және мүдделері аясында әлеуметтік және еңбек заңнамасының үйлесімі: теория, тәжірибесі және мүмкіндігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Мекен-жайы және басталу мерзімі: 050048 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, заң факультеті, 3 – БОҒ, ауд. 410. 29-30 сәуір 2014 ж.
Конференцияға қатысушыларға келесі сұрақтарды талқылау ұсынылады:
1. Азаматтардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғаудың конституциялық негіздері;
2. Кәсіподақтық құрылыс: тәжірибесі, мәселелері және келешегі;
3. Әлеуметтік серіктестік;
4. Еңбек жанжалдары, алдын алу және шешу. Әлеуметтік және еңбек даулары аясындағы медиация;
5. Халықаралық интеграциялық процесс жағдайындағы еңбек және әлеуметтік заңнаманы жетілдіру.
Бағдарламаға сәйкес конференция қатысушыларын тіркеу 29 сәуір 2014 ж. 9.00.-ден 10.00.-ге дейін жүреді.
Конференция жұмысының басталуы – 10 сағат 00 мин.
30 сәуір 2014 жылы жас ғалымдардың секциясының мәжілісі өтеді.
Шетелдік қатысушылардың баяндамалары, егерде сұранымдары бар болған жағдайда немесе конференция жұмысына тікелей қатысуларына мүмкіндік болмаған жағдайда, стендтік үлгіде баяндалатын болады.