«Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі» атты форум өтеді

28 сәуір, 2014

2014 жылы сәуірдің 29-30-да Алматы қаласында, Бас прокуратура Институтымен Қазақстан Республикасының дін жұмыстарының Агенттігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған «Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі» атты халықаралық форум өтеді.


Форум Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Кравченко А.Н., Қазақстанның Бас Муфтиі Маямеров Е.М., Алматы қаласы әкімінің орынбасары Аманжолова З.Ж., Бас прокуратураның өкілдері, «Нұр Отан» партиясы, ҰҚК терроризмге қарсы орталығы, ҰҚК өкілдері, ІІМ өкілдері, діни жұмыстарының Агенттігі, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, теологтар, халықаралық және отандық сарапшылар, қоғам қайраткерлері, Алматы жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен өтеді.

Форум мақсаты экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттер бойынша жастар саясатын талқылап, жастар арасында діни радикализмнің өсуінің себептерін анықтап, соған қарсы жүйелі шаралар қолдану жолдарын талқыға салу.

Өткізілетін форум барысында мемлекеттік органдарының басшылары, дін өкілдері сөз сөйлеп, сарапшылар қатысуымен көптеген мәселелер талқыланып, «дөңгелек үстел» өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар мамандар тікелей студенттермен жумыс жүргізеді.

Өткізілу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математикалық факультет.

Толық ақпарат үшін хабарласу телефондары: 8-7172-712048, моб. 8-777-792-14-77, email: rustem_umurzakov@mail.ru