«Педагогика ғылымы мен білім беру саласындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

29 сәуір, 2014

Аталмыш іс-шараның өзектілігі ХХІ ғасырда қоғамның әлеуметтік мәдени дамуымен, нарықтық экономика, жаһандану жағдайында елдің демократизациялануымен байланысты білім беру мен педагогика ғылымы күрделі өзгерістерге ие болып отыр. Сондықтан да білім беру саласындағы туындаған мәселелер кең ғылыми орталарда талқылауларды талап етеді.

Конференцияда тек кәсіби-педагогикалық іс-әрекет, білім берудегі институционалдық өзгерістер, жаңалықтарды енгізуді жүзеге асыруға педагогтарды даярлау, жас ұрпақтың суицидтік, енжарлық, бейімделмеу, депрессивті және пассивті өмірлік көзқарас ұстануының алдын алу маұсатында оқытуға, тірбиелеуге және әлеуметтендіруге қолайлы жағдай құру мәселелері ғана қарастырылып қоймай, ҚР БҒМ жүзеге асырып отырған жобалаларының, кафедрадағы бастамашыл жобалардағы ғылыми зерттеулер нәтижелері ұсынылды.

Он-лайн режимінде өткізілген конференцияның пленарлық отырысында Болгария, Ресей, Украина мемлекеттерінен шет елді ғалымдар мен отандық ғылым және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.