2014 жылдың 15 cәуірі күні, сағат 11.30-да халықаралық қатынастар факультеті 1-курс студенттерінің қатысуымен 319-аудиторияда Философия және саясаттану факультетінің доценті, әл-Фараби мұраларын зерттеуші, дінтанушы Пірімбек Мұханбетұлы Сүлейменов «Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда дінтану ілімі бойынша, діннің қоғамдағы рөлі санқырлы екендігі туралы сөз болды. Дін дұрыс дүниетаным мен эстетикалық талғам қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, әлеуметтік қатынастарды реттеуге, ортақ наным-сенім өкілдерінің бір-бірімен араласуына, тіл табысуына, бейбіт өмірді қамтамасыз етіп, татулық пен тыныштыққа қызмет етуі жайлы сөз болды. Пікірталаста Діннің қоғамдағы рөлі мен міндетін қайта қарау керек екенін айтып өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар:
Х.Қарабаева
Ш.Рамазанова
Б.Досанов
А.Бисенбаев