«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант
Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 478 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарының ғылыми және педагогикалық қызметтерде жоғары жетістіктері бар штаттық оқытушылары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2009 жылғы 26 қазаннан 15 қарашаға дейін.
Конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынады.
Конкурстық өтінімге:
конкурсқа қатысу үшін өтініш (өтінім);
ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жетекші ғалымдар мен мамандардан ұсыным хаттар;
растайтын құжаттармен қоса сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәлімет;
егер конкурсқа қатысушы шетелге шығып тағылымдамадан өтуді жоспарлаған жағдайда, шетелдік ЖОО-ның ғылыми ұйымның тағылымдамадан өтуге қабылдау туралы жазбаша растауы;
қорытынды есепті беру мерзімі көрсетілген жылдық жұмыс жоспар кестесі;
жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парағы;
жеке куәліктің көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
зейнетақы қорымен шарттың және әлеуметтік жеке кодының барлығын растайтын құжаттың көшірмелері.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың нысандары (www. edu.gov.kz) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан.
Құжаттар қағаз және электрондық түрінде ұсынылады. Конкурсқа құжаттар дербес электрондық мекен-жайы (e-mail) көрсетілген, нөмірленген парақтары қатты мұқабада бекітілген түрде ұсынылады .
Қағаз түріндегі мәлімет Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11- кіреберіс, 647- кабинетке тапсырылады.
Электрондық түрде толтыру үшін құжаттардың нысандарымен толтыру туралы нұсқаулықты http://www.eduportal.kz сайтынан алуға болады.
Ескерту: Құжаттарды қағаз түрде өткізіп және дербес электрондық мекен-жайды тіркеуден өткізгеннен кейін, құжаттарды электронды түрде толтыру үшін http://www.eduportal.kz сайтына кіруге рұқсат беріледі.