Халықаралық қатынастар факультетінде Корея бойынша арнайы дәріс оқылады
2014 жылдың 15 мамыр күні (сағ. 14:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің Ғылыми Кеңес залында Корея бойынша арнайы дәріс оқылады.
Корей Қоры әлемдегі корей бұқаралық дипломатиясының бастамаларын алға жылжытуда маңызды рөл атқаратын Корея Республикасының үкіметтік ұйымы болып табылады. «Korea Foundation Special Lectures on Korea» жобасы Корея Республикасы мен Еуразиялық аймақтағы елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайту мақсатында жасалған.
Дәрісті Соган университетінің профессоры (Sogang University) Ким Дже Чун (KIM Jae Chun), Кёнхи университетінің профессоры (Kyung Hee University) Чхве Ён Сок (CHOI Yong Seok) оқиды.
Дәріске шығыстану факультетінің деканы, ф.ғ.д., професор Б.Н.Жұбатова, халықаралық қатынастар факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор К.Н.Шакиров, Корей қорының өкілдері, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер қатысады.
Ұйымдастырушылар: Корей қоры (Korea Foundation), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті мен Халықаралық қатынастар факультеті.
Модераторлар: т.ғ.д., профессор Г.Н. Ким, т.ғ.д., профессор Ф.Т. Кукеева.
Мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95 а.