Шығыстану факультетінде Global Class-тың ашылу салтанаты өтеді

13 мамыр, 2014

15 мамырда (сағат 10.00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде (543 ауд.) Корей қорының (Korea Foundation) гранттық қолдауымен корейтану және жапонтану кафедрасында Global Class-тың ашылу салтанаты өтеді.

Ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев, шығыстану факультетінің деканы Б.Н. Жұбатова, Қазақстандағы Корея Республикасының Бас консулы Сон Чхи Кын, Корей қорының өкілдері, Ханян университетінің өкілдері, Sаmsung және LG Electronics сияқты корей компанияларының басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысады.

Global Class – бұл аудитория онлайн видео-дәрістерін, видео-конференциялар мен семинарлар өткізу үшін арнайы жабдықталған. Онлайн арқылы оқып білім алу қазіргі заманауи білім ағартудағы басты тренд. Оның артықшылығына тиімді білім алудың жоғарлығын, дәстүрлі күндізгі оқытуда жұмсалатын қаржыны азайту, оқуға кететін шығындарды барынша төмендету және білім алмасуды жақсарту сияқты мүмкіндіктерді жатқызуға болады.

2013 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану және жапонтану кафедрасы Ханян университетімен (Корея Республикасы) бірігіп Корей қорының қаржылай қолдауымен “Global e-School” онлайн оқыту жобасын жүзеге асырып келеді. 2013 жылдың наурыз айынан бастап осы уақыт аралығында Ханян университеті, Кореяның шет елдік зерттеулер университеті (HUFS), Йонсей университеті сияқты жетекші корей университеттерінің профессорлары корей және ағылшын тілдерінде бес курсты оқыды. Олар: «Business Korean», «Korean Art and Philosophy» «Korean Language and Korean Culture» «K-culture: Modern Korean Cultural Contents», «Korea Economic Development». Шығыстану және халықаралық қатынастар факультетінің шамамен 40 студенті аталған курс шеңберінде оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

Ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану және жапонтану кафедрасы, Корей қоры.

Өткізілетін шараның бағдарламасы.docx