"Егемен Қазақстан" газеті

14 мамыр, 2014

Қарашаңырақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақтың жетекші классикалық университеті мәр­тебесіне ие. Бүгінгі күні Қазақстан білімі мен ғылы­мының ірі орталығына айналып отыр. 75 жыл­дық аса бай тарихы бар университет бұл сала­дағы инно­вациалық дамудың ұлттық көшбасшысына айналып отыр. Қазақ ұлттық университеті еліміздің бар­лық білім беру жүйе­сінің тірегі, білікті ордасы. Уни­верситеттің мыңдаған түлектері қазақстанның оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етіп жүр.

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУерекше мәртебеге ие, жетекші оқу орындарының бірегейі, олардың арасында бірінші болып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын иемденді, Жоғары оқу орнында оқытушы-профессорлар құрамы 2500 мың адамнан асады. Олардың арасында 400-ден аса ғылым докторлары, профессорлар болса, ал 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар. Университеттің 14 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған. Қарашаңырақ Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері жоғары оқу орындары арасында алғаш болып Еуропалық білім кеңістігіне кірді, Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы өнердің қанатын кеңге жайып келеді. Студенттер қалашығындағы спорт кешені де жастардың бас қосатын додалы ортасына айналып отыр.

Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл-Досжан Балабекұлының фотосы (14)

Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл-Досжан Балабекұлының фотосы (15)

Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл-Досжан Балабекұлының фотосы (8)

«Егемен-ақпарат».