22 қазанда «Бақшасарайда» студент қатарына қабылдау салтанаты өтті.
Студент атану - әр адамның өміріндегі маңызды оқиға. Себебі студенттік өмірге аяқ баса салысымен - ақ, сенің жастық шағыңның ең тамаша да қызықты сәттері басталмақ. Осы қызықты сәттердің бастауы біз үшін «Бақшасарай» салтанат үйінде өткізілген студенттер қатарына қабылдау кеші болды. Жай ғана рәсім болды деп айту - бұл ешнәрсе айтпағандық болар еді. Өйткені тек «Бақшасарайдың» әсемдігі туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Себебі бұл - Алматыдағы ең көрнекті жерлердің бірі. Сондықтан да бұндай мүмкіндікті ешбір «балмұздақ» жібермесі кәміл.
Студент қатарына қабылдау рәсіміне барлық факульттерден осы салтанатқа сай киінген «балмұздақтар» келді. Тек 1-курс студенттері ғана емес, олармен қоса «Бақшасарайды» көру үшін және мерекелік бағдарламаны тамашалау үшін жоғары курс студенттері де бұл мерекеден тыс қалған жоқ. Кеш қонақтарына салтанат сарай ұжымы атынан мерекелік фуршет ұсынылды.
ҚазҰУ Студенттер Сенаты өздерінің іні-қарындастарына арнап керемет концерттік бағдарлама дайындады. Оған аты шулы «RINGO», Алтынбек Тәшімбетов секілді жұлдыздар шақырылып, бәрінің көңілінен шыққан тамаша шоу ұйымдастырылды. Әсіресе көптеген қыздардың армандары - «RINGO» тобының жігіттері сахнаға шыққан сәттегі залдағы шу адам сенгісіз. Өздерінің «Ғашықпын», «По берегу», «Let`s go» және басқа да хиттарымен көрермендер көңілінен шықты. Сонымен қатар профессионалды орындалған тамаша билері де қошеметпен қарсы алынды.
Білімнің ғана емес, өнердің де ордасы атанған ҚазҰУ студенттерінің көрермендерге арналған жылы ілтипаттары да жұлдыздардың концерттік номерлерінен кем болған жоқ. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың КТК -ның жоғарғы лига командасының жігіттері сыйлаған көтеріңкі көңіл-күй мен шат-шадыман күлкіні де айта кеткім келеді. Кеш соңында жанға жағымды әуен сарынында жастар көңілдері жайланып, жайбарақат сарайдың сұлулығын тамашалап, естелікке суретке түсті.
Бәрімізге дерлік бұл кеш ұнады. Өйткені кеш расында да жоғары дәрежеде өткен-ді. Осыған орай ҚазҰУ-дың Cтуденттер Cенатының атқарған жұмысының зор көлемділігін атап өтіп, кеште болған барлық студенттер атынан алғыс білдіргім келеді. Егер студенттік өміріміздің алғашқы сәттері осындай болса, онда студенттік өмір деген керемет нәрсе болды ғой! Осындай қабылдаудан кейін студент деген «атақты» зор қуанышпен алып жүру міндет. Сонымен қоса, ҚазҰУдың студенті атану бұл екі есе міндет, екі есе мақтаныш!!!
Оразова Айгерим Канатовна
ереводческое дело 1 курс каз.отд.