«Шығыс мұражайының» тұсаукесер салтанаты болып өтті.

18 мамыр, 2014

«Шығыс Мұражайының» ашылу салтанатына құрметті қонақтар ретінде Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы ның орынбасары Дин Шанлин мырза, жобаның бас демеушісі, «Маңғыстаумұнайгаз» басқармасының төрағасы Сунь Синьюн, Алматыдағы Түркияның Бас консулы Супхи Атан, Алматыдағы Үндістанның Бас консулы Навин Капур, Мысыр мәдени орталығының директоры Ашраф Дервиш, Түркі халықтарының мәдени қорының директоры Ахмет ДағДұран мырза, Орта Азия тарихи дипломатиялық қоғамның төрағасы Нарысов С.Н. және басқалар шақырылған.

Ең алғашқы сөз кезегі әл –Фараби атныдағы университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш.Е. Жаманбалаева мұражайдың ашылу салтанатымен құттықтап, бұл мұражайдың Қазақстандағы Шығыс мәдениетімен, өркениетімен таныстырып, толық мағлұмат бере алатын жан-жақты таныстыратын алғашқы мұражай екендігін баса атап өтті. Сонымен бірге шақырылған қонақтар арасында Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулының орынбасары Дин Шанлин мырза « Шығыс Мұражайының танымдық, ғылыми құндылығы мол болатын жоба екендігін атап өтіп, сәттілік тілеп, Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулдығы атынан құттықтау лебізін білдірді. Түркі халықтарының мәдени қорының директоры Ахмет ДағДұран мырза бұл мұражайдың Қазақстандағы алғашқы нұсқасы екендігін айтып, зор болашақ күттіетін жоба екендігін атап өтті.Аталмыш мұражай Шығыс елдерінің тарихи, мәдени құндылығы жоғары экспонаттар ұсынылған. Шығыс Мұражайының ресми ашылу салтанатынан соң қонақтар мұражайға саяхат жасап, тамашалады, «Шығыс Мұражайы туралы» фильм көрсетілімі болды, іс-шара соңында қытайтану кафедрасының ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарлама, БАҚ өкілдерімен сұхбаттасу, кофе-брейк болды.