ҚазҰУ-да «Kmlab» Коника Минолта озық технологиялар зертханасының тұсаукесері өтеді

19 мамыр, 2014

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2014 жылы 19 мамырда (сағ.: 12.00) журналистика факультеті № 219 «Kmlab» зертханасында журналистика факультетінде «Қазақ университеті» баспасының қолдауымен «Kmlab» Коника Минолта озық технологиялар зертханасының тұсаукесері өтеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және «Коника Минолта» компаниясы Бас менеджері Акира Фуджита кездесуінде екі жақты ынтымақтастық келісім-шартына қол жеткізген болатын.

Ынтымақтастық аясындағы озық технологиялар зертханасының ашылуы Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» міндеттерін орындауға бағытталған. Оқу үдерісіне білім берудің озық технологияларын енгізу, өндірістік тәжірибемен ұштастыру, ғылым мен бизнестің кооперациясы, жұмыс берушілердің оқу үдерісіне тартылуы осы міндеттерді айқындайды.

Konica Minolta Holdings, Inc. жапониялық холдингі баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы базасында KMlab зертханасын жабықтап отыр. Жаһандық баспа индустриясы алыбы - Konica Minolta компаниясының қолдауымен 219 аудиториядағы жөндеу жұмыстары аяқталып, Интернет желілері тартылды.

Компания бизнес технологиясын студенттік зертханадан үйрену мүмкіндігіне жол ашуды көздейді. ҚазҰУ студенттері баспа дизайны, құжат айналымын басқару, көпқызметті құрылғыларды меңгеру, баспаның өндірістік жүйесімен зертханалық атмосферада үйрене алады. Салтанатты шара барысында журналистика факультетінің «Коника Минолта» компаниясы мен «Қазақ университеті» баспасында тәжірибеден өткен ең үздік студенттеріне арнайы шәкіртақы табыс етіледі.

«Журналистика» мамандығы бойынша негізгі оқу жоспарына 2014 қыркүйектен бастап осы аталған дағдыларға баулитын 3 сатылы таңдамалы оқу курсын енгізуде. Шығармашылық үдерісті технологиялық басқаруға дағдыландыру - оқу курстарының басты мақсаты.

Компания инженерлері мен мамандары тарапынан кеңестер мен он-лайн режимде өтетін семинарлар бұл технологиялардың қыр-сырын үйренуге басты мүмкіндік береді. Тегін таратылатын мобильді қосымшалар арқылы әр студент өзінің құжатайналымын интеллектуалды тұрғыда басқара алады. Аялдамаларда, дәліздердегі көшірме, шығару қызметтері студент қалтасына жұқартатыны анық. Ал Коника Минолта компаниясы осы қызметтерді 2-3 есе арзан және автоматты орындалып, интеллектуалды басқарылатын технологиялар арқылы орындауға жол ашады.

Ақпарат үшін: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

с.ғ.д., проф. Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева,

ф.ғ.к., доцент Алмагүл Әлиқызы Құрманбаева

тел.: комм. 377 33 38 ішкі 13-51; моб: +77011527488; +77072669254

эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, Almagul.Kurmanbaeva@kaznu.kz