"Алматы ақшамы" газетіFarabi University

"Алматы ақшамы" газеті

23 мамыр, 2014

Сенің оқу орның — сенің мақтанышың

Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Президен­тінің «Сапа облысындағы жетістіктері үшін» сый­лығының лауреаты. ҚР БҒМ-нің Ұлттық аккредитация­лық орталығының бағалауы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындар арасында 2011жылы Ұлттық рейтингте көш бастап тұр. Сонымен қатар 29 бакалавриат мамандығы бойынша бірінші орында, жеті- екінші орында, екі-үшінші орынды иеленген. Жүлделі орындар ҚР БҒМ-нің Ұлттық аккредитация­лық орталығының сертификатта­рымен марапатталған. Quacquarellі Symonds (QS, Великобритания) агенттігінің жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша университет әлемдегі дамудың сапалық көрсеткіштерін бағалау бойынша жоғары деңгейді иеленген. ҚазҰУ үлкен серпіліс жасап, әлемдегі 700 үздік университеттер арасында 401-450 сатыға ене отырып, 200 позицияға көтерілген. Сөйтіп, ҚазҰУ топ-университеттердің ортаңғы сатысына енетін Орта Азиядағы ең бірінші жоғары оқу орны болып отыр. Экономика және бизнес Жоғары мектебі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ірі бөлімі, сондай-ақ, Қазақстан Республика­сындағы экономика ғылымының ғылыми-зерттеу және педагогикалық орталығы болып табылады. Мұнда мамандарды дайындау халықаралық талаптарға сай келетін оқу жоспарларымен жүргізіледі. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сырттай оқу қашықтан оқыту нысанында болады. Кафедраның профессор-оқыту­шылар құрамы ҚазҰУ-дің жоғары білікті мамандарынан және АҚШ, Еуропа және Азияның үздік университет­терінде тағлымдамадан өткен жас оқытушы­лардан тұрады. Оқу процесі көпдеңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады. Бакалавр (4 жыл) дәрежесін алғандар магистратураға (2 және 1 жыл), МВА «Қаржыны бас­қару»(1,5жыл) түсуге мүмкіндігі бар. «Қаржы» кафедра­сының магистранттары жыл сайын Еуропа, АҚШ, Азияның үздік университеттерінде шетелдік іссапарға барады. Студенттер үшін университет қалашығында толық­қанды білім алу мен бос уақытын өткізуге толық кешенді тренажер залдары, спорт алаңдары және секциялар, медициналық бөлім, кино­театр, қажетті оқу әдебиеттерімен жабдықталған оқу залдарының желісі және үлкен кітапхана жұмыс жасайды. Ал белсенді уақыт өткізетіндер үшін спорт секцияларынан басқа, Ө.А. Жолдас­беков атындағы Студенттер сарайында көптеген творчестволық студия­лар жұмыс жасайды. Сту­денттер сарайында «Фараби сазы» халық аспаптар оркестрі, «Бақыт» би ансамблі, «Біз» студенттік драма театры орналасқан.

Кафедрада студенттер ұйымының қызығушы­лығына қарай «Қаржыгер» ғылыми үйірмесі және Қаржыгер студенттік бірлестігі жұмыс жасайды. «Қаржы» мамандығының студенттері тек қана оқу процесімен шұғылданып қоймай, сондай-ақ, белсенді студенттік өмір сүруде. «Қаржы» кафедрасы жыл сайын «Әлем халықтарының достығы» фестивалін өткізіп тұрады. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы» кафедрасы тек қана республика деңгейінде ғана емес, сондай-ақ, әлемдік оқыту кеңістігінде және Орта Азия айма­ғындағы білім берудің халықаралық орталығы болу үшін даму үстінде!

А. МҰСТАФИНА, «Қаржы» кафедасының ОӘТЖ бойынша меңгерушінің орынбасары,

Г. СУПУҒАЛИЕВА, «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы