- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі болып өтті
«Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі болып өтті
24 мамырда VII Астана экономикалық форумы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығын тойлау шеңберіндегі «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі болып өтті.
Нобель сыйлығының иегері Арье Варшель өз сөзінде «Қазақстанның жетекші оқу орны болып саналатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлары мен білім алушылары алдында дәріс оқу мүмкіндігіне ие болғаныма дән ризамын» - деп атап өтті.
Дәріс барысында танымал ғалым кездесуге қатысушылармен ғылым және техника саласындағы айтулы жетістіктерімен бөлісті.
Арье Варшельдің негізгі зерттеу объектілеріне биологиялық молекулалар қызметінің құрылысдық корреляциясына қолданылатын есептеу әдістері, ферментативті реакцияларды модельдеуде қолданылатын QM/MM әдісі, биологиялық процесстерді молекулярлы модельдеу, белоктардың микроскопиялық электростатикалық модельдерін құру, белоктардағы бос энергияның ауытқу және өзге әдістер. Осы әдістерді зерттеу қызметтері үшін 2013 ж. Варшель химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері құрметін иемденді.
Дәріс соңында Ректор Ғалым Мұтанов Арье Варшелге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы дипломын табыстады.