«One Asia» халықаралық білім беру жобасы

28 мамыр, 2014

«One Asia» жобасы аясында студенттер мен магистранттар Жапония университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жетекші профессорларының дәрістерін тыңдап, өз ғылыми қызығушылықтары бойынша жазылған ғылыми мақалаларымен таныстырды.

Жобаның қорытынды отырысына Жапониядан келген қонақтар - «One Asia» Қорының бас хатшысы Нишизука Хиджикадо және профессор Чанг Джун Кон қатысты.

«One Asia» халықаралық қорының президенті Йоджи Сатоның атынан атаулы 17 шәкіртақы студенттер – магистанттар мен бакалаврларға табыс етілді. Оның ішінде, «Саясаттану» мамандығы бойынша 12 студент, «Корейтану» мамандығы бойынша 4 студент, «Дінтану» мамандығы бойынша 1 студент шәкіртақыға ие болды.