Қазақстан студенттерінің гвардияшылары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әр жылдарда комсомол студенттік қозғалысын басқарған көшбасшылармен кездесу өтті. Бұл ерекше кездесу Қазақстан студенттер элитасын құрайтын ҚазҰУ-дың студенттері үшін мерейтойлық жылдың жарқын белгісіндей болды.
Құрамына Жарас Ибрашев, Сағындык Сатыбалдин, Болат Болсанбеков, Рахман Алшанов, Бақберген Әмреқұлов, Амрет Конысбаев, Гүлнар Ахметова, Магзам Баяндаров, Дәулет Байдельдинов және Жұмахан Өтенов сынды 50-90 жылдар аралығында комсомол студенттік қозғалысын басқарған кісілер кіретін он комсомол хатшысы түгелімен өздері түлеп ұшқан шаңыраққа келді. Комсомол басшыларының еліміздегі жетекші университет тарихына сіңірген еңбектерін елеп, оларды шақыру оқу орын ректорының бастамасымен жүзеге асты. Және кешегі тарихи кезеңнің жастар көшбасшыларын дәл осы - Комсомол күнінде шақыруы тегін емес. Осы тұста ректор Б.Жұмағұловтың 70-жылдар соңында жастар көшбасышысы болып, ҚазМУ комсомол комитетін басқарғандығын атап өту керек.
Олардың сапары Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен мерейтой салтанаты кезінде ашылған жаңа ҚазҰУ тарихы мұражайын аралаумен басталды.
Мұражайдағы экскурсиядан соң қонақтар университет ректорымен кездесті. Бақытжан Жұмағұлов оларды өз университетінің тарихында ҚазҰУ-дың бірқатар студент ұрпағын тәрбиелеуде танытқан қажымас қайратпен, патриоттық сезімі үшін алғыс білдіріп, шын жүрекпен, ыстық ықыласпен қарсы алды. Ол сондай-ақ университтің дамуы мен перспективалары жөнінде баяндай келе, Елбасы дәрісінде ҚазҰУ-ды «жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының форпосты» дегенін айтты. Мұны ректор университет жетістіктері мен жеңістерінің ең жоғарғы бағасы деп есептейді.
- Мен өз студенттеріме үлкен үміт артамын, - деді іргелі ұлттық университеттің жетекшісі, - Университет комсомол көшбасшыларының бірнеше ұрпағы бас қосып отырған бұл кездесу оқу орындағы студенттер ұйымдарының жұмысын басқаруға өз септігін тигізеді. Әр қайсысымыздың тәжірибеміз - жастардың көшбасшылық және белсенді азаматтық ұстанымдарына үлкен үлгі болады.
ҚазҰУ-дың танымал профессоры 1952-57 жылдардағы комсомол комитетінің хатшысы болған Жарас Ибрашев комсомол ардагерлерінің және университеттің атынануниверситеттегі жаңашылдық өзгерулерді қолдай отырып сөз алған ол: «Егер біз осы Өмірбек Жолдасбеков бастағап, бүгінде Бақытжан Жұмағұлов жалғап, жаңалап келе жатқан жобаны жарқыраған қалашық етіп салатын болсақ, біз әлемнің ең үздік университеттерінің қатарына кіреміз», - деді.
1977-79 жылдарда комсомол комитетін басқарған Бақберген Әміреқұлов тұлғаның азаматтық ұстаныдарының қалыптасуы студенттік ортадан бастау алады. Бәрінің есіне 1979 жылы студенттер толы аудиторияда аңыз адам - Бауыржан Момышұлы айтқан мына сөзді салды: «Естеріңде болсын, ҚазМУ - Қазақстан студенттерінің гвардиясы!»
ҚР жекеменшік ЖОО Ассоцияциясының президенті Рахман Алшанов (1974-77 жылдардағы комсомол комитетінің хатшысы) комсомол өзінің тарихи міндетін атқара алды деп есептейді. Мұнай қозғалыстар әр дәуірде болуы керек, өйткені олардың мазмұны тек партиялық идеология емес, жастармен жұмыс болатын. Бұл көріністер ҚазҰУ-да өз жалғасын тапқандығы мен студенттердің көздерінде от ойнап, жұмысқа құлшыныстары қуантады.
Сөз алған әрбіреуі ҚазҰУ ректорына алғыс айтып, өздері түлеп ұшқан ұяларына қайта келіп, студенттер көшбасшыларының жас ұрпағымен қауышуға мүмкіндік беріп, олардың қоғамдық ерен еңбектерін бағалағаны үшін ризашылықтарын білдірді. Алайда, ең бастысы, бұл кездесудың конструктивті болғандығы. Мәселен, еліміздегі белгілі экономист, ҚазҰУ-дың профессоры Сағындық Сатыбалдин бұрынырақта өзі басқарған қазҰУ спорт клубының жандандыруға қол ұшын беретіндегін айтты. Ал университет комсомол тарихындағы екі әйел-хатшының бірі Гүлнар Ахметова Студенттерге арналған жаңа зияткерлік ойын жобаларына қатысуға шақырды.
Бүгінгі ҚазҰУ студенттерінің Сенат және Мәслихат, Студенттік ұйымдар комитетінің көшбасшылары Арайлым Өмірбекова, Ғайни Серім және Нұрсұлтан Құрманов өз кезектерінде өздерінің аға-әріптестерін болашақтада Қазақстанның бас оқу орны студенттері Қазақстан студенттерінің авангарды болып іздерін жалғастыратындықтарына сендірді.
Бұл естен кетпес кездесудің барлық қатысушыларына оқу орынның ұжымдық рухын қалыптастырып, студенттер арасында патриоттық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының алғыс хаты берілді. Ғылыми кеңестің шешімімен, бұрынғы комсомол жетекшілері «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығы» мерейтойлық құрмет белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, университет қонақтары естелікке университет жайлы кітап пен ескерткіштер алды.
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі