- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан мен Ресей журналистикасының әлеуметтік және рухани аспектілері: саясат, мәдениет, білім» тақырыбында ІІ Халықаралық ғылыми видеоконференция өтті
«Қазақстан мен Ресей журналистикасының әлеуметтік және рухани аспектілері: саясат, мәдениет, білім» тақырыбында ІІ Халықаралық ғылыми видеоконференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Қазақстан мен Ресей журналистикасының әлеуметтік және рухани аспектілері: саясат, мәдениет, білім» тақырыбында ІІ Халықаралық ғылыми видеоконференциясы өтті. Конференцияға білікті журналистер мен Пенза мемлекеттік университетінің профессорлары, дәріс беретін ұстаздары қатысты.
Бұл конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің үш кафедрасының ғалымдары мен доценттері, Пенза мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетінің «Журналистика» кафедрасының ғалымдарымен бірлескен «Қазақстан мен Ресей журналистикасының әлеуметтік және рухани аспектілері: саясат, мәдениет, білім» тақырыбында ІІ Халықаралық ғылыми видеоконференцияда екі мемлекеттің журналистика саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Пікір алмасып, әріптестер арасында жүйелі сөз айтылды. Әсіресе осы бас қосуда ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ғалымдары тарих ғылымының докторы, профессор Л.С.Ахметова, филология ғылымының кандидаты, доцент А.В.Рожков, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары А.Б.Әлжанова, О.П.Ложникова, Г.К.Мұқановалар және Пенза мемлекеттік университетінің, тарих және филология факультетінің деканы О.В. Ягов кешті ашып берді.
Ресейлік ғалым профессорлар В.Г.Белинский атындағы Пенза мемлекеттік университетінің профессорлары филология ғылымдарының докторы, профессоры Иван Павлович Щеблыкин, Шувалов Иван Фёдорович, Христолюбова Ольга Владимировна, Сердобинцева Елена Николаевна, Рева Екатерина Константиновна, филология ғылымдарының кандидаты, доценттері, Ткачёв Олег Геннадьевич Христолюбова Ольга Владимировна өз ойларын ортаға салып, баяндамалар жасады. Көптеген ой-пікірлер айтылды. Келешекте екі университет ғалымдары бірлесіп жұмыс жасап, екі жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл конференциялардың жалғасын тауып, екі жақтың ғалымдары мен ұстаздарының ғылым және білім саласында тәжірибе алмасуына, жаңа жобаларды бірлесіп жасауға ұсыныстар жасады. Конференция соңында екі мемлекеттің ғалымдарының басын қосып конференция ұйымдастырушылар ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Ш.С.Нұржановаға және ПМУ доценті Е.К.Реваға ризашылықтарын білдірді.
Журналистика факультеті