Ыстықкөлдегі спорт сауыктыру кешенінде жазғы маусымның ашылуы өтті

11 шілде, 2014

8-10 шілде аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ыстықкөлдегі спорт сауықтыру кешенінде куратор-эдвайзерлер мектебінің «Кураторлық сағатты ұйымдастыру технологиясы» атты семинар-тренингі өтті.

Семинарды психолог Ұлмекен Төлешова жүргізді. Студенттермен жұмыс жасау барысында қолданылатын түрлі психологиялық ойын түрлеріне тоқталып, нәтижеге қол жеткізу әдістерімен бөлісті.

ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай Ыстықкөлдегі университеттің спорттық сауықтыру кешенінде «Нептун күні» мерекесі ұйымдастырылды.Шара шомылу маусымының ресми ашылуымен басталып, «Ертегілер әлеміне саяхат» атты сахналық көріністер қойылды. Сондай-ақ университеттің «КВН» командасы, «Бақыт» би тобы сынды көркемөнерпаздар үйірмесі концерттік бағдарламасын ұсынып, оқытушылар, студенттер және қызметкерлер арасында құрылған топтар қазақтың ұлттық ойындарынан сайысқа түсті. Мерекелік шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғ. Мұтанов және проректорлар қатысты. Университет ректоры Ғ.Мұтанов Ыстықкөлдегі жазғы маусымның ашылуымен құттықтап, спорт сауықтыру кешенінің директоры Ю. Гниденданы университеттің 80 жылдық төсбелгісімен, Н.Последованы алғыс хатпен марапаттады.

ҚазҰУ-дың «Парасат» кәсіподағы, Студенттер клубы, «Сұңқар» студенттер ұйымы бірігіп ұйымдастырған демалысқа жалпы университет ұжымынан 150-дей адам жиылды. Оның жартысын үздік оқитын және белсенді студенттер құрайды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі