КазНУ жатақханаларында қауіпсіздік тақырыбында семинарлар өтті
2009 жылдың 14-15 қыркүйегі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық жатақханаларында студенттермен қауіпсіздік тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты студенттерге жеке қауіпсіздіктеріне салғырт қараудың салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың ал
дын алуды, өздерінің және қоршаған адамдардың өмірлері үшін қандай жауапкершілік алатындарын түсіндіру. Тәртіп сақтау жасағының төрағасы Есенбек Жұмағали мен Жоғары студенттер кеңесінің төрайымы Садуақасова Динара студенттерді әлі жарық жүргізілмеген көшелермен жатақханаларына кеш қайтпауға, бағалы заттарын вахтада сақтауға, жатақхананың ішкі тәртібін бұзбауға, өзге студенттерді сыйлауға шақырды. Кездесу студенттерге барынша ыңғайлы әңгімелесу түрінде өткендіктен қатысушы студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын еркін қойып, қанағаттанарлық жауаптарын ала алды. Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау мәселесіне қатысты өздерінің ойларымен бөлісіп, біздің университеттегі барлық тәртіп сақтау және қауыпсіздік бөлімдерінің қызметтерімен танысты.