Зерттеушілер және ізденушілер назарына!
Қазақстандағы Британдық Кеңес және «Ғылым қоры» ақционерлік қоғамы бірлесіп «Ньютон - әл-Фараби» серіктес бағдарламасы аясында қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтуге тапсырыс қабылдау басталғанын хабарлайды. Бұл бағдарлама Қазақстан және Ұлыбритания үкіметтерімен 2014 жылы ғылым және инновация саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған.
Қатысушылар бағдарлама аясында Ұлыбританиядағы серіктес университетке 6 айға ғылыми тағылымдамаға бару мүмкіндігін алады. Өтініш барлық зерттеушілерден қабылданады.
Ғылыми тағылымдаманың мақсаты – бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, алдағы ынтымақтастықты нығайту үшін байланысты кеңейту, Қазақстандық ғылыми-зерттеушілердің мансабын көтеріп, мүмкіндіктерін арттыру.
«Ньютон - әл-Фараби» серіктес бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес энергетика, денсаулык сактау және әл-ауқаттылық, ауыл шаруашылық технологиялары, стихиялық апаттан кейін қалпына келу кабілеттілігі, экология және қоршаған орта, азық-түлік және су мәселелері тақырыптардағы өтініштер қабылданады.
Барлық өтініштер 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Лондондық жазғы уақытқа сәйкес көрсетілген сайтта ағылшын тілінде, онлайн жүйесінде қабылданады.
www.britishcouncil.org/education/science/current-opportunities/travel-grants-2014
Барлық сұрақтарға байланысты Британдық Кеңес білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Досбол Жарылғасовқа хабарласуға болады: dosbol.zharylgassov@kz.britishcouncil.org