ҚазҰУ-дағы Бақылау кеңесін министр басқарды
ҚазҰУ-да Бақылау кеңесінің отырысы жаңа төраға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің басшылығымен өтті.
Отырыста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың болашақта дамуы мен бүгінгі жағдайына қатысты мәселелер, «Ғылым ордасы» РМК жанынан ҚР БҒМ Ғылым комитеті ҒЗИ мен университет арасында бірлескен бағдарлама бойынша маман даярлау талқыланды.
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов 2010-2014 жылдардағы ҚазҰУ-дың жетістіктері мен ұжым қызметінің нәтижелерімен егжей-тегжейлі таныстырып, сонымен қатар алдағы уақытта университеттің даму стратегиясын айтып, кеңес мүшелерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
«Осы уақыт аралығында университет едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Енді алдымызда жаңа стратегиялық мақсаттар қойылып отыр, «Қазақстан – 2050» Стартегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» және біздің еліміздің күшейтілген инновациялық-индустриялды дамуынан басымдық туындап отыр. Бұндай ірі міндеттерді іске асыру үшін біздің университетте барлық мүмкіндік бар – сауатты мамандар, тәжірибе, дәстүр, материалдық база, және, ең бастысы – өрлеу, өсу жолымен жүруге ынта бар. ҚазҰУ үшін ұлттық зерттеу университеті статусына ие болу мәселесі өте маңызды. Бұл білім, ғылым, инновациялық-өндірістік қызмет мазмұнына жаңалықты енгізуге, үлкен мүмкіндікке жол ашады, сонымен қатар ЖОО-ға көптеген еркіндік береді», - деді өз сөзінде ректор.
Министр А. Сәрінжіпов және Бақылау кеңесінің мүшелері ҚазҰУ даму жоспарын мақұлдап, қолдады. ҚазҰУ-дың эксперименталды бірлескен жобасын іске асыруда және ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ арасында магистрлер мен PhD докторанттарды дайындауға қатысты жаңа штаттық бірлік ғылым мен білімнің бірігуі жөніндегі проректорлықты енгізу бірауыздан мақұлданды.
Сондай-ақ, Бақылау кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды: А. Сәрінжіпов – төраға, ҚР Білім және ғылым министрі; Ғ.Мұтанов – ҚазҰУ ректоры; М.Әшімбаев – Парламент Мәжілісінің депутаты; Ғ.Есім – ҚР ҰҒА Қазақстандық саяси қауымдастық вице-президенті; Д.Бижанов – «Казахстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; А.Сатқалиев – «Самұрық-Энергия» АҚ Басқарма төрағасы; А.Байтасов – «Рауан Медиа Групп» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы; Е.Ерғожин – «А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас директоры; К.Нәрібаев – ҚР ҰҒА қоғамдық және гуманитарлық бөлімінің төрағасының орынбасары; Е.Аманшаев – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті; М.Наурызбаев – физика-химиялық әдістер зерттеу және сараптама орталығының директоры; М.Қалимолдаев – ҚР БҒМ ҒК «Информатика мәселелері және басқару институты» РМКбас директоры м.а.; С.Боқаев – Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы.