АҚШ-тан келген студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдады

25 қыркүйек, 2014

АҚШ-тың бірнеше американдық университеттерінің студенттері бір жарым жылдан бері, «Флагман» бағдарламасына қатысып, орыс тілінен емтихандар мен сынақтар тапсырған, эссе жазған, сұхбаттар берген – оның бәрі өздерінің әрі қарай Қазақстанда білім алуға деген құзіреттіліктерін дәлелдеу. Міне, енді қыркүйекте 26 жеңімпаз білім алуға еліміздегі жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға, Алматыға келді.

Мұндай мүмкіндік, осы жылдың тамыз айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен халықаралық білім беру Американдық Кеңесі (ACCELS, АҚШ, Вашингтон) арасында әріптестік туралы екіжақты келісімге қол қойылғаннан соң жүзеге асып отыр.

Бұл көптеген келешектегі жаңа бағыттарға өз есігін ашты: студенттермен академиялық алмасу, ғылыми-зерттеу тәжірибелері және сынақ мерзімінен өту, бірлескен жобалар, гранттық зерттеулерге қатысу, ең үздік ғылыми журналдарда және өзге де басқа басылымдарда нәтижелерді жариялау.

Жас американдық студенттердің еуропалық ЖОО арасынан біздің қазақстандық оқу орнын таңдауы, біздің еліміздің танымалдылығының артқанын, білім беру жүйесі сапасы деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Біздің мамандардың үнемі біліктіліктерін арттырып, білімді жоғарылату арқасында, озық технологияларды ендіру, халықаралық мойындалу және білім беру бағдарламаларының жетістікпен аккредитациядан өтуі, біздің университеттің белсенді академиялық ұтқырлығы шетелдік білім алушылардың қызығушылын тудыруда.

«АҚШ-тан келген студенттер бізге орыс тілін меңгеруге келіп отыр. ҚазҰУ оқытушылары орыс тілін оқытудың кешенді бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге дайын. Ол өзіндік ерекше оқу бағдарламасын қарастырады: үлкен көлемдегі топтың ортақ пәндерден бөлек жеке сабақтар да жүргізіледі, білімділік, мәдениеттілік, ынталандыру әдістері қолданылатын болады. жалпы топтың сабақтардан басқа жеке сабақ жүргізіледі. Американдық студенттер қазақ тілі мен қазақ мәдениет меңгеруге үлкен құлшыныс танытып отыр», - дейді шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры Элеонора Сүлейменова.

Лингвистік дайындықтан өзге студенттер өз мамандықтары бойынша пәндерді меңгеріп, алған білімдерін іс жүзінде дәлелдеу үшін өндірісте тәжірибеден өтеді. Оларды аудиториядан тыс маңызды өмір күтіп тұр: студенттік өзін-өзі басқаруға қатысу, спорттық секцияларға және мұражайларды аралау және театрларға бару, тарихи және мәдени көңіл бөлерлік орындарға саяхаттау жоспарланған. Демалыс уақытында олар Астана және Түркістанға барады.

Баспасөз қызметі