«Құмбел» шыңын бағындыруға қатыс!
25 қыркүйек, 2014
2014 жылдың 5 қазан күні рекреациялық география және туризм кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған дәстүрлі тауға шығу ұйымдастырады.
Жиналу орны: №12 (№ бұрынғы 6), автобусының аялдамасы (Достық даңғылы мен Абай даңғылының қиылысында, «Қазақстан» қонақ үйінің қарама-қарсы жағында), сағат 7:30.
Киім түрі – спорттық, аяқ киім – табаны жалпақ, ыңғайлы, міндетті түрде күн қорғау көзілдірік, бас киім болуы қажет, жауын-шашу жағдайында су өткізбейтін киім. Бір күнге тамақ. Көлікпен жүру үшін ақы қатысушылардың есебінен. Қосымша ақпарат алуға келесі телефон нөмеріне байланысыңыз:
8 705 660 74 52 – Айдар Рысбекұлы Жұмаділов
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024