Ғылыми-әдістемелік семинар бойынша есеп
Аталмыш әдебиеттерді дайындауға қажетті талаптар мен ережелерді таныстыру мақсатында семинар қонағы ретінде ЖК «Electronic Education Technology» жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омарова Гүлнар Еркенқызы шақырылды. «Electronic Education Technology» ұйымы электрондық оқулық өңдеу мен шығару, сонымен қатар, құрастырушы-авторларға ҚР Әділет Министрлігі тарапынан авторлық құқық-патент алуға ықпалдастық етеді.
Омарова Г.Е. қатысушыларды электрондық оқулықтар дайындау әдістерімен, материалдар дайындау жолдарымен таныстырып, ұйымның көмегімен дайындалған электрондық оқулықтарды көрсетті. Нәтижесінде қатысушылар сұрақтар қойып, Омарованың тарапынан нақты және қанағатты жауаптар алды. Факультет оқытушыларына электрондық ғылыми және оқу құралдарын дайындауға нақты ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету семинардың қорытындысы болды.