әл-Фараби мұраларын зерттеуге арналған конференция өтеді

7 қазан, 2014

21-22 қазан сағат 10.00-де заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен «Союз ради прогресса» студенттік клуб бірлесіп «әл-Фарабидің теориялық-құқықтың мұралары: тарихи маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» тақырыбында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар үшін II республикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: әл-Фарабидің теориялық-құқықтың мұралары, оның тарихи маңызын және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс практикасында оның дамуы мәселелерін кеңінен талқылау.

Конференцияға заң факультетінің, ҚазҰУ-дың және жоғары оқу орындарының өзге факультеттінің студенттерінің, магистранттарының, PhD докторлары мен жас ғалымдары жеке жинақ түрінде жарық көреді.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы, байналыс телефоны: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55, 12-56, 322, 324 каб.