ҚазҰУ-да Исламдық қаржыландыру мәселесі талқыланды

7 қазан, 2014

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы «Исламдық қаржыландыру құқығы» тақырыбында ғылыми-зерттеу семинарын өткізді.

Семинарда исламдық қаржыландыру проблемаларының жүйелігі, исламдық қаржыландырудың әлемдік экономикадағы үлесі, Қазақстанда исламдық қаржыландыруды заңи рәсімдеу проблемалары, исламдық қаржыландырудың өзгешелігі мен ерекшеліктері және оның өзге де қаржыландыру нысандарынан айырмашылықтары, ҚР-да және Кеден Одағы мемлекеттерінде исламдық қаржыландыру құқығының және практикасының болашағы мәселелер қарастырылды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры З.Ж.Кенжалиев Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту проблемалары туралы баяндама жасады, ислам экономикасының, исламдық шаруашылық жүргізудің және қаржыландырудың дүниетанымдық негіздеріне назар аударылды, сонымен қоса әлемде исламдық қаржыландыруды тарату мен дамыту ерекшеліктері, әлемнің ірі елдерінде (АҚШ, Еуропа, Азия елдері) аталмыш қаржыландырудың қажеттігі, әлем елдерімен қоса Қазақстанда да исламдық қаржыландыруды құқықтық қамтамасыз етудің өзектілігі, республикамызда исламдық қаржыландыруды енгізуді заңи реттеуде орын алған олқылықтарды жылдам жоюдың көкейкестілігі қарастырылды.

Семинарға жетекші ЖОО-ның магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, оның ішінде Алматы қ. Ұлттық банкінің қызметкерлері, сонымен қоса UIB университетінің оқытушылары қатысты.

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы