Шығыстану факультетінде шешендік өнер сайысы өтті
Шығыстану факультеті Корейтану және жапонтану кафедрасы Ханяң университеті мен Намсеул университетінің (Сеул қаласы, Корея Республикасы) қатысуымен корей бөлімінің 1-3 курс студенттері арасында шешендік өнер сайысын өткізді.
Бұл шешендік өнер сайысы серіктес университеттер арасында дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұл сайыстың мәні өте зор. Мұндай шешендік өнер сайыстары елде корей тілін дәріптеуге септігін тигізіп, университеттер арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді.
4-ші шешендік өнер сайысының ерекшелігі студенттерге «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында шешендік өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беру. Студенттер сайысқа қатыса отырып, өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, өз ойларын сауатты әрі қисынды жеткізді.
Ханяң университетінен келген Ким По Кён мен Юн Джин Хи, Намсеул университетінен келген Юн Тэ Хун мен Джо Сын Хён сайыстың демеушілері болды.
Әділқазылар мен сайысты ұйымдастырушылар қатысушылардың еңбектерін жоғары бағалады. 1 орын – Ханяң университетінде 1 семестрдің оқу ақысы мен ұшақтың жол ақысының 50% (500 доллар). 2 және 3 орындар – Намсеул университетінің сый-сияпаттары– грамоталар мен сыйлықтар.
Шығыстану факультеті