Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан мектептеріне жапон елін таныстырушы
30 қыркүйек пен 10 қазан аралығында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті «Корейтану және жапонтану» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен және халықаралық жапон тілі қорының қаржыландыруымен Қазақстанның батыс аймақтары Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бойынша іссапарлар өтті.
Бұл іссапардың мақсаты 2014-2015 оқу жылында жапон тіліне оқуға түскен 1 курс студенттерінің саны аз болғандықтан, 2015-2016 оқу жылына факультетімізге әсіресе жапон тіліне жас түлектарді көптеп жинау болып табылады.
Қазақстанның батыс аймақтары қалаларының көшбасшы лингвистикалық мектептерінен үгіт насихат жұмыстарына негізінен 10-11 сынып оқушылары жалпы 905 оқушы қатысты. Әр мектепке барып, мектеп оқушылармен танысып, Қазақ ұлттық университетін шығыстану факультетін таныстырып, университет пен факультеттің буклеттері таратылды. Оқуға түсуге және оқу барысына, оқу ақысына байланысты мектеп оқушылары мен оқытушыларының сұрақтарына жауап беріліп, шығыстану факультетінің жапон тіліне ерекше тоқталып, жапон елі мен тілі мәдениеті туралы презентациялар көрсетіліп, Жапон елінің дәстүрлі қағаз ойыны Оригами ойналды.
Шығыстану факультеті