Schrödinger компаниясы өкілінің қатысуымен онлайн-конференция өтеді
16 қазанда механика-математика факультеті 321 аудиторияда (сағат 10.00) жоғарғы өнімді есептеулер бойынша KAZNU-INTEL орталығы, математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы, Schrödinger компаниясы қызметкері Alexander Goldberg қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырып отыр.
Баяндаманың тақырыбы “Schrödinger High-throughputAtomic Scale Simulations to Discover New Materials for Industrial Applications” .
Барлық қызығушылық танытқан ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды конференцияға қатысуға шақырамыз.
Әлемге әйгілі Schrödinger компаниясы өмір туралы және материалдарды зерттеу ғылымдарына арналған бағдарламалық шешімдер мен қызметтер ұсынуда есептеу химиясы бойынша ғылыми үздік орталық болып табылады. Компанияның мақсаты - ғалымдар қажеттілігіне нақты жауап беретін, интеграцияланған бағдарламалық шешімдер мен қызметтерді қамтамасыз ете отырып, алдыңғы қатарлы есептеу әдістері арқылы адам денсаулығын жақсарту және өмір сапасын арттыру мәселелерін шешуде ғылыми зерттеушілерді қолдау. Жаңа ғылыми бағдарламалық шешімдер жасау және оны енгізу, бірлестік пен серіктестік құру арқылы Schrödinger ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін тездетуге, шығындарын азайтуға, жаңалықтар жасауына көмектесуге ниетті.
Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы