«Көкжиектегі» оқырмандар конференциясы
Филология факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы «Жүз кітап» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында оқырмандар конференциясын өткізді.
Конференцияда жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» шығармасы сарапқа салынды. Өзіне ғана тән тақырыптық, жанрлық, стильдік даралығы мен ерекше сөз нақышы бар Сайын Мұратбековтың бұл шығармасындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыртпашылық, басты кейіпкер Аянның тағдыры талдау барысында басты назарға алынды. «Жусан исі» қалай жазылғаны, басты прототип туралы ақпараттар мәлімделді. Қатысушы студенттер щығарманы жан-жақты талдап, шығарма тілінің көркемдігіне, айшықты қолданыстарына кеңірек тоқталып, мазмұн тереңдігіне байыппен үңіліп, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, тұжырымды түйін жасады. Сонымен қатар «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубының мүшелері «Басында Үшқараның», «Жабайы алма» сынды жазушының басқа туындылары жайлы да сөз қозғап, ізденімпаздықтарын таныта білді.