- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы дикторлық мектептің қалыптасуы мен дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді
Қазақстандағы дикторлық мектептің қалыптасуы мен дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді
22 қазанда (сағ. 10:00, №230 Т. Қожакеев атындағы Акт залында) Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, «Қазақстан» РТРК қолдауымен тұңғыш қазақ дикторы, ұлттық дикторлық мектептің негізін қалаған Мина Сеитованың 95-жылдық мерейтойына арналған Бірінші Сеитова оқулары аясында «Қазақстандық дикторлық мектептің қалыптасуы, дамуы және болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы дикторлық өнердің дамуы және бастамалар, «Қазақ радиосындағы» дәстүр жалғастығы мен болашағы, онлайн радиодағы дикторлық шеберлік және сандық технологиялар дәуіріндегі радио мәселелері талқыланады.
Дөңгелек үстел барысында ең үздік студенттік аудиожобалар байқауының жеңімпаздары марапатталады. Олардың қатарында студенттік «Әл-Фараби» радиосының редактор-жүргізушілері мен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аудиохрестоматиясын дыбыстауға атсалысқан студенттер бар.
Шара кезінде "Хабар" арнасы түсірген "Микрофон включен" атты деректі фильм көрсетіліп, диктордың даусы жазылған хабарлар топтамасы таныстырылады.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Президентінің Алматы бюросы Баспасөз қызметі жетекшісі В. Жандаулетов, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы С. Матаев, Қазақстан Журналистер Академиясы президенті С. Қозыбаев, «Қазақ газеттері» ЖШС Президенті Ж. Кенжалин, «Қазақ радиосы» Алматы студиясының Бас редакторы Мұрат Мұқаш, елімізге танымал дикторлар Л. Аймашева, Л. Сеитов, А. Еңсебаев, С. Жақанова, оқытушы-ғалымдар, БАҚ өкілдері, студенттер мен магистранттар қатысады.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы