Семинар «Ішкі жүйедегі сапа кепілдігін қамтамасыз ету»

11 қараша, 2009

2009 жылдың 29 қазан айында 14.30-да биология факультетінің №2 залында Tempus IV - Central Asian Network for Quality Assurance and Accreditation жобасы бойынша «Ішкі жүйедегі сапа кепілдігін қамтамасыз ету» атты семинар өткізілді. Семинарға 128 адам, олардың ішінде деканның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, кафедрада және факультетте МСЖ-ге жауапкерлері қатысты.

Семинарда университеттің ішкі және сыртқы аккредитациясы, оқыту сапасын жоғарлатудың көптеген аспектілері, ҚазҰУ-дың білім бағдарламасының халықаралық аккредитация натижесі атты сұрақтары талқыланды.

Сонымен қатар институциондық аккредитациясы, ішкі жүйенің сапа кепілдігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Баяндаушылар:

Академиялық мәселелер Департаментінің директоры Балақаева Г.Т., академиялық мәселелер Департаментінің оқу үдерісі бөлімінің жетекші маманы Абен Д.