29/10/ 2014 ж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «Бас редакторлар клубы» Қоғамдық бірлестігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті қазақстандық БАҚ заманауи талаптарға сай дамуы мен модернизациялау мәселелерін талқылау мақсатында конференция өткізеді

20 қазан, 2014

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және «Бас редакторлар клубы» Қоғамдық бірлестігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті қазақстандық БАҚ заманауи талаптарға сай дамуы мен модернизациялау мәселелерін талқылау мақсатында «Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Өтетін күні: 29 қазан 2014 жыл. Басталуы сағ.: 10:00

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының мәжіліс залы /4-қабат/, №1 мәжіліс залы.

Конференцияда талқыланатын мәселелер:

Журналистика: кәсіп немесе әлеуметтік миссия ма?

Қазақстандық медианарықтағы трендтер және дәстүрлер

Баспа және электронды БАҚ: рейтинг үшін бәсекелестіктегі жаңа технологиялар.

Ғылыми журналистика және коммуникация туралы ғылым: бастамалар мен таяу болашағы;

Болашақтың журналистерін дайындау: Кәсіби стандарт. Медиатехнология. Журналистік этика.

Массмедиа және интеллектуалды құндылықтар.

Конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-жылдығы қарсаңында әлем елдері атап отырған БҰҰ күнінен орай Бас Хатшы Пан Ги Мунның видеоарнауы тыңдалып, журналистика факультетінің «әл-Фараби» студенттік радиосы дайындаған «БҰҰ радиосы қазақша сөйлейді» жобасының таныстырылымы өтеді.

Конференция жұмысына Қазақстандағы БҰҰ өкілдері, БАҚ басшылары, Бас редакторлар, журналистер, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің өкілдері, бұқаралық коммуникацияны зерттеуші ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

16 kaz_ИНФОПИСЬМО_КГР.doc