- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультетінде «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді
Халықаралық қатынастар факультетінде «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді
2014 жылдың 24 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде (сағ. 16:00, 218-дәрісхана) филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сафура Бөрібаеваның «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді.
Оқу құралы жоғары оқу орындарындары халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Аймақтану» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған.
Қазіргі заманда қазақ дипломатиялық тілін қалыптастыру ең өзекті мәселенің біріне айналды. Сөйлеу этикетін меңгеру дәрежесі адамның кәсіби жарамдылық дәрежесін белгілейді. Бұл ең алдымен, мемлекеттік қызметкерлерге, дипломаттарға, саясаткерлерге, заңгерлерге, дәрігерлерге, кәсіпкерлерге, журналистерге, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне, яғни өзінің қызмет бабы бойынша үнемі адамдармен араласатындарға қатысты. Сөйлеу этикетін меңгеру беделге ие болуға, сенім мен сыйлау құрметін тудыруға ықпал етеді. Сөйлеу мәдениетін тек әдеби тіл нормаларының деңгейінен жоғары меңгерсе ғана, ол өз сөздерінің өткір ойымен, көркемдігімен, мәнерлілігімен табысқа кенеледі. Сөйлеу этикеті ережелерін білу, оны ұстану адамға өзін сенімді сезінуге жол береді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігінің Бас консулы Супхи Атан, Түркия елшілігінің ақпарат және мәдениет жөніндегі атташесі Нилгюн Кылычарслан, «Түркі әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, т.ғ.д., профессор Ахмет Доғдоран, «Қызыл крест» пен «Қызыл жарты ай» қоғамдары халықаралық федерациясы Орталық Азия жөніндегі аймақтық өкілдігінің кеңсе басшысы Әсел Тастанова, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы, ақын, публицист, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық иегері Аманхан Әлімұлы, философ, публицист Әбдірашит Бәкірұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ф.ғ.д., профессор Гүлбану Қосымова, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің м.ғ.к., доцент Бахыт Нысанова, саясаттанушы, тележүргізуші Бахытжан Бұхарбаев, тележүргізуші Дмитрий Доронин шақырылды.
Тұсаукесерге сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдары, оқытушылары, Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері қатысады.
Байланыс:
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95. Іс-шараға қатысты барлық мәселелер бойынша Бөрібаева Сафура Болатовнаға хабарласуыңызды өтінеміз. Телефоны: 8701788 1485, электронды поштасы: sofikazgu@mail.ru.
Халықаралық қатынастар факультетінің
Дипломатиялық аударма кафедрасы