ҚазҰУ жастары қалалық велошеруге қатысты

21 қазан, 2014

18 қазанда Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовтың және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры М.М. Бүркітбаевтың қатысуымен қаламыздың дәстүріне айналған велошерудің осы маусымдағы салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бұл шарадан ҚазҰУ-дың жалынды студенттері де құр қалған жоқ. Барынша іс-шараға белсене атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосты.

Велошеру маусымына түрлі жастағы жас жеткіншектер мен велоспорт ардагерлеріне дейін, қаламыздың тұрғындары мен қонақтары да, белсене атсалысты. Сонымен қатар, бұл іс-шарада осыған дейін қаланың аты әлемге әйгілі Винченцо Нибали, Александр Венокуров тәрізді кәсіпқой велошабандоздар қатысты.

Велошеру өте жоғары деңгейде өтіп, жастар арасындағы спортқа деген ынтаны оята білді. Бұл шараға университеттің жастары өз үлесін қосудан жалықпайды.