Пусан ұлттық университеті өкілдері ҚазҰУ-ға келді (Корей Республикасы)

12 қараша, 2009

Жақында Пусан ұлттық университеті өкілдері (Корей Республикасы) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға университет президенті профессор Ким Ин Сенің басшылығымен, вице-президент Чо Киюум Рэй, декан Шин Бок Ки, халықаралық қатынастар басқарсмасының деканы Пак Сун Хун, ПҰУ клиникасының президенті Пак Нам Чоль, Янсан ПҰУ клиникасының президенті Байк Сенг Ван, орыс тілі мен әдебиеті факультетінің профессоры Янг Мин Джонгпен бірге келді.

ҚазҰУ ректоры, академик Бақытжан Жұмағұлов, қонақтарға сәлемін жолдай отырып, бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті: «Әлемдегі ірі жоғарғы оқу орындардың бәрінде, оның ішінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де медицина факультеті бар. Біз өзіміздің университетте осындай факультеттің ашылуын көздеп отырмыз. Одан өзге, Елбасы оқу орынның 75-жылдығына келген кезде, Жастар денсаулық сақтау орталығының құрылыс жоспарымен танысқанда, оны ашу идеясын құптаған болатын».

Өз кезегінде Пусан университетінің президенті Ким Ин Се ұзақмерзімді жемісті ынтымақтастыққа үмітті екендігін және ҚазҰУ-да жаңа факультет ашуға көмектесу үшін бар күшін салатындығын айтты. «Бұл жағдайға қатысты біздің тәжірибеміз мол. Біздің университетте стоматологиялық клиника, балалар клиникасы және студенттерге арналған стационар бар», - деп корей жоо басшысы айтты.

Пусан ұлттық университеті Корей Республикасындағы ұлттық университеттер арасында ең танымал және озығы болып табылады. Пусан университетінің Мирян және Янсан қалаларында екі студенттік қалашығы, жалпы білім беретін 13 колледжі және 9 кәсіптік мектебі бар. Бакалавриат студенттерінің саны - 20 мың адамды құраса, магистратурада - 5 мыңнан асады, ал Ph.D докторанттар саны -1200-ден асады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Корей Республикасының білім беру және студенттермен алмасу, шет тілдерін оқыту саласындағы Дэгу, Кангвон, Кангнам, Кьонги, Кьен Хи, Кьенг Сан, Сюнгкван, Сунг Сил, Усок, Ханкук шет тілдер университеті, Ханянг, Чунгджи, Чоннам және Киюнпук ұлттық университеттерімен қалыпты байланыс орнатқан.

Кездесу барысында Пусан ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы жаңа бағыттар мен ынтымақтастық перспективалары жөнінде сөз болып, екі унивесритет арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюдың мақсаты - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне Корей Республикасының жетекші оқу орнында алмасу негізінде және біріккен зерттеу қызметінде оқуға мүмкіндік беру.

ҚазҰҰ-дың Баспасөз қызметі