- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті
Іс - шара барысында аталмыш балалар үйінде 30 балаға түрлі тәтті тағамдар мен сыйлықтар тарту етілді. «Перзент» балалар үйінің төрайымы Аджибаева Амина қажы балаларға қамқорлық көрсетіп, шынайы махаббатпен қарап әр баланың мінез-құлқына орай тәлім-тәрбие беріп отыр. Амина қажы жетім балаларға жасаған қамқорлығы үшін 2010 жылы Ұлттық Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығына ие болған. 17 жыл ішінде 100 ден астам балаларды тәрбиелеп шығарған. Бүгінгі таңда сол азаматтар ЖОО-да білім алып, өмірде өз орындарын тапты. Қайырымдылық іс-шара барысында балалармен жақыннан танысып, сұхбаттастық. Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты - балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған-тергенін балаларының жолына, қолына берген. Кез-келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуін тілейтіні белгілі. Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тауып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болу міндетіміз деп білеміз.