Консультациялық-сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

29 қазан, 2014

Отырыстың тақырыбы Қазақстан Республикасында орта және ЖОО-нда қазіргі таңдағы талаптарға сай дінтанулық білім беру, дінтану пәнінен оқулықтар шығару т.б.

Отырысқа ғылым мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, Алматы қаласындағы жетекші ЖОО профессорлық оқытушылық құрамы, БАҚ өкілдері қатысып, ой пікірін ортаға салды.

Өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессорлары мен оқытушылары: А.Д. Құрманалиева, Н.Ж. Байтенова, Ш. Рысбекова, Қ. Борбасова, М. Джекебаева, Д. Утебаева, Н. Әлтаева т.б. қатысты.

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессорлары Құрманалиева Айнур Дурбелеңовна, Байтенова Нағима Жаулыбаевна мұндай шаралардың маңызы зор екенін айтып, өз пікір ұсыныстарымен бөлісті.