4-курс студенттері Уалиев Бекұлан және Жангужанова Айгерим болашақ мамандықты таңдауға көмектесетін тұлға типін анықтайтын тест өткізді. Балалар бұл іске үлкен қызығушылықпен қарап, белсенділік танытты. Олардың әрқайсысы болашақта қандай мамандықты таңдайтынымен ой бөлісті.
3-курс студенті Розахунов Рамиль « Философия, әлемтану, жеке тұлғаның жауапкершілігі және бостандық жайында» әнгіме жүргізді. Қатысушылар қызығушылықтар танытып, сұрақтар қойып, тақырыпты талқылады.
3-курс студенті Ержанова Айдана өмірге қажетті заттарды есте сақтауға және есте сақтауды жақсартуға көмектесетін ойын-тренингтерін өткізді. Қатысушылар ойынға белсенділік танытты.
3-курс студенті Ақылбеков Мади ойын жаттығуын өткізді. Қатысушылар өздерін белгілі бір фирмаға жауапты қызметке қабылдағанын және өздері жайлы мәлімет бар түйіндемемен таныстырды. Жаттығудың мақсаты өздеріне және өздерінің мүмкіндіктеріне сенімді болуға үйретті.
.